Хоккей

Назаров: Рыспаев «Барыстың» өз Конор Макгрегоры болады

Назаров: Рыспаев «Барыстың» өз Конор Макгрегоры болады
news-banner7
mobile-news-top

Белгілі бапкер Андрей Назаров Гагарин кубогының ширек финалында «Барыс» «Авангардқа» қарсы сырт айдындағы ойындарға Дамир Рыспаевты неге алып кеткені жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты..

«Астаналықтар Балашихаға Дамир Рыспаевты алып кетті ме? Дұрыс қадам деп санаймын. Жақын танысым Андрей Скабелка өзінің не істеп жатқанын жақсы біледі. Маусым алдындағы турнирде Дамир «Куньлунь» ойыншыларына жақындай бергенде, олар айдынға құлай кеткендері есімде. Бұл нені білдіреді? Рыспаев – «Барыс» үшін жақсы психологиялық тірек. Қарсылас оны көрген бойда қорқуы мүмкін. Дамир қонақтарға эмоция мен заряд, ал қарсыласқа қорқыныш сыйлайды.

Кезінде мен ойнаған «Бостонның» киім ауыстыратын бөлмесіне ММА файтері Конор Макгрегордың кіргенін көріп едім. Рыспаев «Барыс» үшін өз Макгрегоры бола алады», - деді Назаров.

Айта кетейік, Гагарин кубогының ширек финалында «Барыс» пен «Авангард» арасындағы серия есебі 1:1 болып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер