Футзал

Төрттік финал қатысушылары: «Спортинг»

Төрттік финал қатысушылары: «Спортинг»
news-banner7
mobile-news-top

2018/19 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда қазақ футзалының мақтанышы «Қайраттан» бөлек, «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания) командалары өнер көрсетеді.

Аталған төрт команда да Еуропа футзалының бетке ұстарлары. Кез келгені де топ жаруы мүмкін. Десе де, бұлардың арасында бір командаға ерекше назар аударуға тура келеді. Ол турнирдің қазіргі сәттегі чемпионы - «Интер». Алматыдағы бәсекенің басты фавориті саналатын командаға қарсы ойнайтын команда — «Спортинг» (Португалия).

Біз бүгін португалиялықтардың намысын қорғап жүрген «Спортинг» футзал клубы жайлы кеңінен әңгімелегелі отырмыз.

«Спортинг» (Лиссабон, Португалия)

Клуб жетістіктері

Халықаралық

Intercontinental Futsal Cup (үшінші орын): 2007

УЕФА кубогы (екінші орын): 2010–11, 2016–17, 2017–18

Masters Futsal Cup жеңімпазы: 2018

Ұлттық

Португалия чемпионы (жеңімпаз (15 мәрте – рекорд): 1990–91, 1992–93, 1993–94, 1994–95, 1998–99, 2000–01, 2003–04, 2005–06, 2009–10, 2010–11, 2012–13, 2013–14, 2015–16, 2016–17, 2017-18

Португалия кубогы (жеңімпаз): 2005–06, 2007–08, 2010–11, 2012–13, 2015–16, 2017–18

Лига кубогы (жеңімпаз): 2015–16, 2016–17

Суперкубок (жеңімпаз): 2001, 2004, 2008, 2010, 2013, 2014, 2017, 2018

Аталмыш команда 1988 жылы құрылған. «Спортинг» Португалия футзалының бастау көзі саналады. Үлкен спорттық империя халықаралық ареналарда танылмаса да, өз елінде атаққа ие. УЕФА кубогын ұтып алу үшін «Спортинг» басшылығы әлемдегі ең үздік ойыншы Рикардиньюмен келісімшарт жасасуға тырысқанымен, бұл ойдары сәтсіз аяқталды.

Португалиялық команда еуроаренада да табысты ойнап жүр деуге келмейді. «Арыстандар» осымен екі жыл қатарынан Төрттік финалда ақтық сынға жетсе де, қазіргі чемпион испаниялық «Интерді» жеңе алмай жүр.

Сонымен қатар, португалиялық клубтың еншісінде антирекорд та бар - 2017 жылы УЕФА кубогының финалында «Интерден» 7:0 есебімен ұтылып, ақтық сындағы ең ірі жеңіліске ұшыраған болатын.

Құрамы

Қақпашылар – Гонсалу Португал (27 жаста), Андре Соуза (33), Гуитта (31)

Алаң ойыншылары – Лео (31 жаста), Эдгар Варела (22), Мендонка да Роса (23), Педро Кари (34), Жоао Матош (32), Део (36), Диего Кавинато (33), Пани Варела (30), Алекс Мерлим (32), Кардинал (33), Диегиньо (29), Алекс (25), Роша (23)

Бұрын қазақстандық клубтың қорғаушысы болған Лео - «Спортингті» көшбасшы қылатын ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Леоның «арыстандар» сапына ауысуы Португалиядағы барлық жүлделерді жеңіп алуға, лиссабондықтарға УЕФА кубогының финалына дейін шығуға көп көмегін тигізді. Алматыдағы финалдық кездесуде тағдыр Лео мен «Қайраттың» басын біріктірсе, не болар екен?! Ойын эмоцияға толы болатынына күмән жоқ.

Тағы бір айта кетер ойыншы - қақпашысы Гуитта. Гуитта мен «Қайраттың» байланысын көруге болады, өйткені «Спортинг» қақпашысының стилі алматылық клуб голкиперінің стиліне өте ұқсас. Гуитта Бразилия құрамасында нөмірі біріншы ойыншы саналатындықтан, «Спортингтің» жеңіске жетуі де әбден мүмкін екенін ескеру керек.

Қарқыны күшті «арыстандар» Рикардиньо секілді ойыншылары болмаса да, топ-командалардың қатарына жатады.

Бас бапкер

Спортингтің бас жаттықтырушысы - португалиялық Нуно Диаш. Осы лауазымда Орландо Дуартты алмастырған бапкер командаға 2012 жылы келген. Жеңістерінен бөлек, Диаш халықаралық аренада жеңілістерге де тап болған.

Нуно Диаш бас бапкер ретінде қызметін 2006 жылы бастаған. «Instituto D. Joаo V» клубында 5 жылдай бапкерлік қызметті атқарды. 2011 жылы Помбал қаласының клубы жұмысын тоқтаткен кезде, бапкердің де басқа жұмыс іздеуіне тура келді.

Кейін Диаш мәскеулік ЦСКА командасында қызмет етіп, 2012 жылы «Спортингтің» тізгіні ұстады. Бұл клубпен бірге ол 11 жүлде жеңіп алды.

Команданың мүмкіндігі

«Спортинг» - амбициясы жоғары және құзыретті инфрақұрылымы бар үлкен команда. Ауқымды трансферлік науқан, тәжірибелі жаттықтырушысы бар «арыстандар» жартылай финалда тағы да «Интермен» кездеседі.

«Интерден» 0:7 есебімен ұтылған «Спортингтің» жағдайы бұл жолы қалай болар екен? Португалиялық клуб испандармен шайқаста тосқауылдан өте ала ма?

Оны сәуір айында білетін боламыз.

Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» көпфункциялы спорт кешенінде 26-28 сәуір аралығында өтеді. «Қайрат» 26 сәуірде «Барселонамен» кездеседі.

Жылдың басты футзал турниріне билеттерді zakazbiletov.kz, kassir.kz және ticketon.kz сайттарынан сатып алуға болады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер