Хоккей

Көрермендердің жиналуы бойынша «Барыс» Еуропаның үздік 30 командасының қатарына енді

Көрермендердің жиналуы бойынша «Барыс» Еуропаның үздік 30 командасының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясы Еуропа клубтары ареналарының жыл сайынғы келім рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық «Барыс» жаңартылған тізімде 33-ші орыннан 29-шы орынға көтерілді. «Барыс Аренаға» орташа есеппен – 1 матчта 6448 көрермен келеді екен.

Рейтингте «Барыстан» жоғары ҚХЛ-дың 11 клубы орналасқан. Атап айтқанда: СКА, ЦСКА, «Спартак», «Динамо Мн», «Динамо Рига», «Слован», «Йокерит», «Металлург», «Локомотив», «Ак Барс» және «Трактор».

Швейцариялық «Бёрн» рейтингте 18-ші жыл қатарынан көш бастап келеді. Швейцариялық клубтың ойындарына орташа есеппен 16 290 адам келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер