Қысқы

Айдова халықаралық турнирдің рекордын жаңартты

Айдова халықаралық турнирдің рекордын жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Калгариде (Канада) конькимен жүгіруден халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық Екатерина Айдова жарыстың жаңа рекордын қойды.

Спортшы 1500 метр қашықтықты 1 минут 53,53 секундта жүгіріп өткен. Осы нәтижесімен Айдова жарыс жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында Александр Кленко 8-ші орын алса, Демьян Гаврилов – 11-ші, Дмитрий Морозов 14-ші, Виталий Щиголев – 16-шы, ал Иван Аржаников 25-ші сатыға тұрақтады. Жаппай стартта Гварилов алтын медаль алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Айдова үздік шетелдік спортшы атағын иемденді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер