русский язык
Хоккей

«Барыс» «Атланттан» ірі есеппен жеңілді

«Барыс» «Атланттан» ірі есеппен жеңілді
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дағы соңғы ойындарын жеңіліспен бастады.
 
Плей-офф кезеңіне жолдама алып қойған елордалықтар сырт алаңда «Атланттан» ірі есеппен ұтылды. Бірінші периодта алаң қожайындары «Барыстың» қақпасына үш жауапсыз шайба соғып үлгерді. Артынша, Найджел Доус бір гол қайтарды. Дегенмен, матч соңына дейін ресейліктер тағы екі шайба соғып, жалпы есепті қорытындылады - 5:1. 
 
«Атлант» (Мәскеу облысы) – «Барыс» (Астана) 5:1 (3:0, 0:1, 2:0)
 
1:0 – Шмелев (Петров, Рукавишников) – 06:24
 
2:0 – И. Радулов (Майоров, Атюшов) – 07:48
 
3:0 – Шмелев (Артюхин) – 19:00
 
3:1 – Доус (Боченски) – 20:26
 
4:1 – Артюхин (Шмелев) – 44:36
 
5:1 – Радулов (Новопашин, Майоров) – 48:22
 
Қақпашылар: Галимов – Ахонен (Еремеев, 20:00 – 60:00)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;