«Құпия» ақпарат

Еркебұлан Сейдахметтің «Левскидегі» жалақысы қанша?

Еркебұлан Сейдахметтің «Левскидегі» жалақысы қанша?
news-banner7
mobile-news-top

Болгариянық басылым Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің жаңа командасына қанша жалақы алатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Сөзсіз, Еркебұлн Сейдахметтің «Левскиге» ауысуы соңғы жылдары Болгариядағы ең таңсық трансферлердің бірі. Қыста «көктер» ресейлік «Уфадан» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан соң сатып алу құқығымен жалға алған. Сейдахметтің өнеріне Станимир Стоилов, Димитар Димитров және Стойчо Младенов секілді танымал мамандар тәнті болды. Бұл үш бапкер де кезінде ұлттық құраманы тізгіндеген еді. «KotaSport-қа» белгілі болғандай қазақтың «маржаны» арзан емес екен. Біздің мәліметімізге сай, оның «Левскидегі» айлығы 15 000 АҚШ долларын (шамамен 5 миллион 700 мың теңге ) құрайды. Тек сол ақшаны ақтасын деген тілек қана, - деп жазды Болгарияның «KotaSport» басылымы.

Айта кетейік, «Уфа» Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын қыстың соңғы күні «Левскиге» жалға берді. Ал кеше Еркебұлан Сейдахмет жаңа командасындағы алғашқы матчын өткізді. Болгария чемпионатының 26-шы туры аясында «Левски» сырт алаңда «Верея» командасын 3:4 есебімен жеңді. «Еркош» кездесудің 59-шы минутында алаңға шықты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер