Чемпиондар лигасы: Аптаның үздігі анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚарт құрлықтың футболдан клубтар арасындағы ең басты додасы саналатын чемпиондар лигасы бел ортадан ауды. Осы апта ширек финалға шыққан сегіз команда түгел анықталды, деп жазады prosports.kz.
Жанкүйерлер 1/8 финалда қызыққа толы матчтарға куә болды. Керемет голдар, командасын өрге сүйреген ойыншылар, камбэктер бәрі болды бұл турда.
UEFA-ның ресми сайты чемпиондар лигасының өткен турдағы үздік ойыншысын атады. Бұл атаққа «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду лайық деп танылды. Ол «Атлетикоға» қарсы қарымта ойында (3:0) хет-трик орындады.
Сонымен қатар, аптаның үздігі атануға Лионель Месси «Барселона», Садио Мане «Ливерпуля» және Лерой Зане «Манчестер Сити» үмітті болған.