Әлем футболы

Зидан: Қазір Мбаппенің трансфері туралы айтатын уақыт емес

news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан командаға шабуылшы Килиан Мбаппені сатып алу туралы пікірін айтты.

«Мбаппемен қуана-қуана жұмыс істер едім. Бірақ мен Перестен оны сатып алу туралы сұраған жоқпын. Қазір ол туралы айтатын уақыт емес. Менің қазіргі жұмысым – бізде қалған 11 матчта жеңіске жету», - деді Зидан.

Айта кетейік, француз маманы былтыр «Реалдың» бас бапкері қызметінен кетіп, биыл Сантьяго Соларидің орнына қайтып келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер