Басқа

Қарағандылықтар орталық саябақта теннис кортын салуға қарсы

Қарағандылықтар орталық саябақта теннис кортын салуға қарсы
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылықтар орталық саябаққа теннис кортын салуға үзілді-кесілді қарсы.

Олар құрылыс кезінде көп ағаш жойылады деп алаңдайды. Бірақ қала әкімі Нұрлан Әубәкіров бірде-бір жасыл желектің кесілмейтініне кепілдік беріп отыр. Барлық ағаш қазылып алынып, өзге жерге егіледі дейді ол. Айта кетейік, теннис федерациясының тапсырысымен алдағы бірер жылда саябақтағы 10 гектар аумақта бірнеше спорт нысаны бой көтермек. Жоба құны 2 миллиард теңгеден асады. Аймақ жастары арасында спорттың бұл түріне сұраныс жоғары көрінеді. Ал шаһардағы бұған дейін салынған екі алаң жаттығуға аздық етеді. Тұрғындар сол құрылысқа орталық саябақтың таңдалғанына наразы. Бос жатқан басқа ауданға салса да болар еді дейді қоғам белсенділері.

Нұрлан Әубәкіров, қала әкімі:

- Бұл аумақтағы ағаштың бірде-бірі кесілмейді. Бәрін өзге жерге отырғызамыз. Ал теннис корты саябақтың спортық-сауықтыру аумағына салынады. Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асып жатыр. Жер 4 жыл 11 айға жалға беріледі. Құрылыс басталмас бұрын Наурыз айында қоғамдық тыңдау өткіземіз. Тек содан кейін ғана, халықтың пікірімен санаса отырып шешім қабылданады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер