Бокс

Головкин ең танымал 100 спортшының қатарына енді

Головкин ең танымал 100 спортшының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий GGG Головкин атақты ESPN басылымының нұсқасы бойынша ең танымал спортшылары ТОП-100 рейтингісінде 78-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы ТМД елдері арасындағы спортшылар арасында тізімге енген жалғыз адам.

Рейтингте Головкинмен «көрші» тұрғандар - америкалық футболшы Рассел Уилсон (77) және испаниялық Сеск Фабрегас (79).

Тізімге барлығы 6 юоксшы енген – Деонтей Уайлдер (34), Тайсон Фьюри (39), Энтони Джошуа (63), Сауль «Канело» Альварес (68) Геннадий Головкин (78) және Мэнни Пакьяо (83).

Бірінші орында Криштиану Роналду, екінші боп баскетболшы Леброн Джеймс, үшінші Лионель Месси жайғасқан.

Одан кейін футболшы Неймар (4), аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор (5), теннисші Роджер Федерер (6), крикетші Вират Кохли (7), теннисші Рафаэль Надаль (8), баскетболшы Стефен Карри (9) және гольфшыТайгер Вудс (10) орналасқан.

Хабиб Нурмагомедов тізімде 15-ші боп тұр.

Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер