русский язык

Ширмялис Қазақстан жастар құрамасының тізімін жариялады

Ширмялис Қазақстан жастар құрамасының тізімін жариялады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Саулюс Ширмялис Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Исландия құрамасымен кездесуге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Михаил Голубничий («Бәйтерек» Астана);

Қорғаушылар: Бакдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Саят Сәриев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Атырау»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Григорий Сартаков («Ертіс» Павлодар), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Рафкат Аслан («Тобыл» Қостанай);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат» Алматы), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Игорь Пикалкин («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Илья Калинин («Қайсар» Қызылорда), Виталий Ли («Астана»), Абылайхан Тотай («Жетісу» Талдықорған);

Шабуылшылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Максим Фильчаков («Ордабасы» Шымкент) Тохтар Жанғылышбай («Шахтер» Қарағанды).

Қосалқы тізімде мына ойыншылар:  Шерхан Бауыржан («Қайрат» Алматы), Дмитрий Шмидт («Восток» Өскемен), Қуаныш Бегалин («Ертіс» Павлодар).

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Исландия арасындағы кездесу 5-ші наурыз күні «Астана Аренада» өтеді. Басталу уақыты сағат 19:00-де. Кіру тегін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;