Қысқы

Допингті мүлде ұмытатындай етеміз: Мұхамедиұлы Полтораниннің допинг дауына қатысты түсініктеме берді

Допингті мүлде ұмытатындай етеміз: Мұхамедиұлы Полтораниннің допинг дауына қатысты түсініктеме берді
news-banner7
mobile-news-top

ҚР үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Алексей Полтораниннің допинг дауына қатысты түсініктеме берді.

- Біздің шаңғы федерациясының бас бапкері арнайы түсініктемесін берді, кейін Полторанның жеке жаттықтырушысы, кейін шаңғышының өзі сұхбат берді. Шаңғышы бағымызға орай допингтен қан құйдырмаған, бірақ Германияға барып, қан тапсырғаны белгілі. Қазір адвокатпен жұмыс істеп жатырмыз. Негізі қан құйылмаған, оның дәлелдері де бар, - деді министр.

Мұхамедиұлы журналистерден әрбір ақпаратқа мұқият болуын сұрады.

- Допингке қатысты барлық жанжалдар, Ильин мен басқа да ауыр атлеттерге қатысты даулар 2016 жылы болды деп жазасыңдар, ол 2012 жылы болған. 2016 жылы тек Рио олимпиадасының алдында белгілі болды. Допинге министрлік атынан әрине түбегейлі қарсымыз. Арнайы заң жобасын қабылдауға үлес қосып жатырмы. Ертең екінші оқылымы болады. Допинг қабылдап тапқан медальдарын тартып алып жатса, оның несі абырой? Полторанинді жалғыз қалдырмау үшін, қолдауымызды білдіруіміз керек, жазасын жеңілдетуге тырысамыз. Біз допингке және оны пайдалануға оқталудың өзін қатаң сынаймыз. Жаңа заңдар арқылы спортшыларымызды мүлдем допинг дегенді ұмытатындай етеміз, - деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан кейін баспасөз жиынында.

Еске сала кетсек, Алексей Полторанин допинг дауына іліккен еді. Бұған дейін оның тұтқындалғаны хабарланды. Канадалық шаңғышы Полторанинді "менің медалімді ұрлады" деп айыптады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер