Басқа

Көркем гимнастикадан «Афродита кубогына» қатысатын спортшылар белгілі болды

Көркем гимнастикадан «Афродита кубогына» қатысатын спортшылар белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

12-18 наурыз күндері Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан «Афродита кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Аталған бәсекеден Қазақстан командасы да сырт қалмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грекия төрінде қазақстандық гимнастар Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Сарыбай бақ сынайды.

Сондай-ақ, А. Шакенова мен Т. Молдаханова да турнир жүлдесіне таласатынын ескертеміз.

Тілекенова мен Әбдірбекова 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Ал Роза Абитова жасөспірімдер Олимпиадасының командалық додасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер