Басқа

Қазақстандық киберспортшы FACEIT лигасының іріктеуінде бірінші орын алды

Қазақстандық киберспортшы FACEIT лигасының іріктеуінде бірінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық киберспортшы Санжар neaLaN Исхаков CS:GO ойыны бойынша FACEIT Pro League лигасының Еуропадағы іріктеу кезеңінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

FACEIT Pro League - кәсіпқой киберспортшыларға арналған FACEIT платформасындағы жабық ладдер (рейтингілік жүйе). Ойыншылар шақыртумен немесе төменгі дивизионнан жолдама алу арқылы іріктеледі.

Санжар Исхаков өткізген 14 кездесуінің 11-нде жеңіске жеткен. Қазір neaLaN (лақап аты) Syman Gaming командасында өнер көрсетеді. CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінің іріктеуінде 5 орын алып, негізгі кезеңге өте алмаған еді.

Syman Gaming командасында Санжар Исхаковтан бөлек өзбекстандық Санжар SANJI Кулиев, әзірбайжан Максим t0rick Заикин және ресейлік Илья Perfecto Залуцкий мен Артем iDISBALANCE Егоров өнер көрсетеді. Ал команданы Әсет Solaar Сембиев жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер