русский язык

Евгений Плющенко: «Операциямды тікелей эфирде көрсеткім келеді»

Евгений Плющенко: «Операциямды тікелей эфирде көрсеткім келеді»

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко жақында омыртқасына жасалынатын операцияны жұрт назарына көрсетуге жоспарлауда,  деп хабарлайды Риа «Новости».

«Наурыздың екінші жұлдызында төрт бұрама шегенің сыңғанын алу үшін  жасалынатын операция жоспарда бар.  Опрецияның қалай өтетінін көп адам көреді деп ойлаймын, себебі оны елге көрсеткім келеді.  Бірақ мен еш асықпаймын.  Осыдан бір жыл бұрын операция жасалғандығын ескерсек, туған жерімде өтетін Олимпиадаға қатысу үшін асыққан болатынмын. Ал қазір уақытым бар, - деді Плющенко.

Еске сала кетсек, Евгений Плющенко Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан командалық жарыста чемпион атанды.  Ал жеке жарыстан арқа жарақатына байланысты бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;