русский язык

Елена Хрусталева келесі Қысқы Олимпиадаға қатыспайды

Елена Хрусталева келесі Қысқы Олимпиадаға қатыспайды

Қазақстандық биатлоншы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева 2018 жылы Кореяның Пхенчхен қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Мен келесі Олимпиадаға қатыспаймын. Тағы бір жыл Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Егер оған қатыспасам, командалық эстафетада дау шығуым мүмкін. Жалпы, маған бұл спорт ұнайды, әлі де жарыстарға қатысқым келеді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, спорттағы мансабын тоқтатқаннан кейін биатлоншы Қазақстан өңірлерінде балалар спортын дамытумен айналыспақшы.

«Мен Ресейге кетпеймін. Қазақстанда қаламын. Өйткені, мұнда біздің орнымызды басатын ешкім жоқ», - дейді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;