Ауыр атлетика

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшымыз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты.

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді.

Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер