Ауыр атлетика

Бақыт Ахметов: Бір жыл үзілістен кейін топ жарғанымыз заңды

Бақыт Ахметов: Бір жыл үзілістен кейін топ жарғанымыз заңды
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық зілтеміршілер екі алтын иеленді. Әлемдік сынның әлі аяқталмағанын ескерсек, біздің спортшыларда жүлдеге ілігетін мүмкіндік көп. Осы орайда, жасөспірімдер құрамасының бапкері Бақыт Ахметов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ауыр атлеттердің алтыны көңілге қонымды екенін айтты.

- Біз бір жыл бойы ешбір жарысқа қатыспадық. Тек күні-түні, еш үзіліссіз дайындық жүргіздік. Сол себепті, ірі додалардан сырт қалған біздің балалардың бұл көрсеткішіне таң қалуға болмайды.

Жыл басталғалы бері әлем чемпионатында сәтті өнер көрсету үшін күш салдық. Қуанышқа қарай, ойлаған мақсаттарымыз орындалып жатыр.

Кеше алтын медаль иеленіп, еліміздің әнұранын шырқатқан Ақмолда Сайрамкездің жүлдеге ілігетінінен сенімді болдым. Жаттығудағы әлеуетіне қарап, үздік үштік қатарында болар деп топшылағам. Алайда, ол мен ойлағаннан да аспы түсіп, алтынна алқа тағынды. Ақмолданың серпе көтеруден мықты екенін айта кеткен жөн.

Сайхан Тайсуев та тура Ақмолда сияқты болашағынан үміт күттіретін спортшы. Оның да жүлдегерлер қатарында болатынын сездім. Бүгін ол әлемдік рекордпен жеңіске жетті. Қуанарлық жайт. Айтпақшы, былтыр ауыр атлетикадағы салмақ дәрежелері өзгертілді. Сол себепті, әлемдік рекордтан қайтадан түзіліп жатыр.

Әлем чемпионаты аяқталған жоқ, сондықтан, медальдан әлі де үміттіміз. Ертең зілтемір сахнасына 81 келідегі Сәпи Есенгелді шығады. Әзірге қарсыластарынан 4-5 келідей кем көтеріп жүр. Кім біледі, ол да командаластары секілді тұғыр биігінен көрініп қалар, - дейді бапкер Бақыт Ахметов.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы әлем біріншілігінде Ақмолда Сайрамкез (61 келі) бен Сайхан Тайсуев (67 келі) әлем чемпионы атанды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер