Қысқы

Екатерина Айдова әлем кубогында ел рекордын жаңартты

news-banner7
mobile-news-top

Бұл күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің финалдық кезеңі өтуде. Қазақстандық Екатерина Айдова ел рекордын жаңартып үлгерді, деп жазады Olympic.kz.

1000 метрге жарысудан Айдова сегізінші орын иеленді. Ол 1.13.7 уақыт көрсеткішін тіркеген болатын. Бұл қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі әрі Қазақстан рекорды саналады.

Аталған жарыста америкалық Бриттаний Боуи жеңімпаз атанса, жапониялық Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара күміс пен қоланы бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер