русский язык

Юсупова шәкірттері Азияны бағындырды

Юсупова шәкірттері Азияны бағындырды

Қазақстандық көркем гимнасшылар Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан олжалы оралды.

Әр елден келген 78 спортшы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына берілетін жолдаманы сарапқа салған. Командалық бәсекеде Елизавета Майновская, Анна Максимова, Вероника Лысогор күміс жүлдеге қол жеткізді. Топтық сайыста Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева қола жүлдегер атанды. Жекелей сында абсолютті Азия чемпионы болып Елизавета Майновская танылды. Ол 2014 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Шеңбермен өнер көрсетуденВероника Лысогор да Азияда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін көрсетті.

Айта кету керек, қыздарды танымал көркем гимнасшы Әлия Юсупова жаттықтырады. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;