Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер командасы спринтте сынға түсті

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер командасы спринтте сынға түсті
news-banner7
mobile-news-top

Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сын бәсекелері аяқталды деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сында Словакия өкілі Анастасия Кузьмина чемпион атанды. Екінші орында норвегиялық Ингрид Тандревольд, үшінші сатыда германиялық Лаура Дальмайер.

Қазақстандықтар арасындағы жоғары нәтижені Галина Вишневская тіркеді. Ол мәреге 68-ші болып келген. Людмила Ахатова 80-ші, Анастасия Кондратьева 92-ші нәтиже көрсетті. Елизавета Бельченко жарыс жолына шыққан жоқ.

Бүгін ерлер арасындағы спринт бәсекесі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер