русский язык

Денис Тен Олимпиада алдындағы ырымдар туралы айтып берді

Денис Тен Олимпиада алдындағы ырымдар туралы айтып берді

Сочи Олимпиадасының қола жүлдесі иегері қазақстандық спортшының рейсі Алматы халықаралық әуежайына қонды.

Денис Тенді оның туғандары, жақын достары, спортшылар, қалалық әкімшілік және БАҚ өкілдері қарсы алды. Денистің ұшағы белгіленген кестеден бір сағатқа кешігіп қонғанымен ол жағдай қарсы алушылардың көңіл-күйіне әсер еткен жоқ.

Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынынан қола жүлде салған танымал спортшы Денис Тен өзін ырымшылмын деп санамайды, дегенмен оның сөзіне қарағанда Олимпиада алдында бірқатар "белгілер" орын алған. Бұл туралы ол Алматы халықаралық әуежайында журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Мен негізі ырымға сенбеймін, бірақ қаңтар айында айнамыз сынып кетті, бірақ мен оған мән бермедім. Ол кезде біз оны сәттілік әкеледі деп жорамалдадық. Сосын конькиім сынып қалды да маған екі түрлі конькимен сырғанауға тура келді. Бұл қиын, өткені тепе-теңдік жоғалады. Бұл конькилер арнайы қолдан тігіледі, конькилердің барлығы әртүрлі, сондықтан оны ауыстырғанда оған бейімделу керек. Оған үйренуге біраз уақыт кетеді. Себебі кәсіби конькилер өте қатты болып келеді. Ал әртүрлі конькимен сырғанау мүлдем қиын, маған тез арада бұл конькиге икемделу керек болды. Тіпті кейде қараңғы бөлмеде жалғыз қалып қай жаққа барарымды білмей тұрғандай көрінетін. Бұл мен үшін тәжірбие болды және енді ондай жағдайлар қайталанбайды деп үміттенімін", - деді Д.Тен.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;