русский язык

Андрей Сидельников: «Исландия мен Латвиядан биік тұруға тиістіміз»

Андрей Сидельников: «Исландия мен Латвиядан биік тұруға тиістіміз»

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Адрей Сидельников «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Еуро-2016 жеребесіне қатысты пікірін білдірді.

«Голландия, Түркия мен Чехия – өте мықты құрамалар. Олармен кездесу біз үшін қызықты болмақ. Латвия мен Исландия құрамаларының деңгейі сәл төмендеу. Сондықтан бұл елдермен тең дәрежеде ойнап үзеңгі қағысуға болады.  Турнирлік кестеде біз олардан биік тұруға тиістіміз», - деді Сидельников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;