Күрес

Дәулет Шабанбай: Олимпиада медалі туралы ақпаратқа сенген жоқпын

Дәулет Шабанбай: Олимпиада медалі туралы ақпаратқа сенген жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржыны араға 7 жыл салып тағы бір олимпиадалық медальмен толықты. Ауыр салмақта белдесетін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға араға жеті жыл салып Олимпия ойындарының қола медалі табысталатын болды.

Есте болса, 2012 жылы Лондонда өткен төртжылдықтың басты бәсекесінің жартылай финалында отандасымыз грузин балуаны Давид Модзманавшилиге есе жіберген еді. "Егемен Қазақстан" басылымы спортшымен сұхбаттасқан.

– Дәулет, жуырда ғана 2012 жыл­ғы Лондон Олим­пиа­дасының қо­ла жүлдесін иелен­геніңіз туралы ха­барды есті­дік. Бұл жаңалықты сіз қалай қабылдадыңыз?

– Алғашында бұл жаңалықты жа­нымдағы достарымнан естідім. Ақпарат бірінші интернетте таралады ғой, ал мен ондайға сенбеймін. Жалпы, әлеуметтік желі дегенді суқаным сүймейді. Кім не болса соны жаза беретін алаңға айналып кеткен.

– Бұл ақпарат туралы сізге Ұлт­тық Олимпиада комитеті немесе федерация хабарлаған жоқ па?

– Не Ұлттық Олимпиада коми­те­тінен, не федерация мамандары хабарласып, бұл мәліметті алғашында рас­таған жоқ. Мен ол уақытта Алматыда Қазақстан біріншілігіне даярлық жасап жатқан едім. Бар ойым – жаттығу жұмыстарын тың­ғы­лықты орындап, бабымды сақтау болды.

– Құрама сапында қаласыз ғой?

– Әрине, күрестен кететін ойым жоқ. Қатардан сызып тас­тауға әлі ерте. Аллаға шүкір, қазір даярлығымыз жақсы.

Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер