Сочидегі Олимпиада ойындары аяқталды
![Сочидегі Олимпиада ойындары аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1393196700_453896700.jpg?v=28699821)
Сочи Олимпиадасында Қазақстан Ұлттық құрамасы бір қола медальмен жалпыкомандалық есепте 26-шы орынға ие болды. Ел қоржынындағы жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алды.
Ал жалпыкомандалық есепте Ресей бірінші орында. Бұл елдің спортшылары 13 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Екінші орында – Норвегия. Олардың еншісінде – 11 алтын, 5 күміс және 10 қола медаль.
Үздік үштікте – Канада құрамасы. Олардың қоржынында – 10 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль.