Қысқы

Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады.

Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікті Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер