Қысқы

Тағы бір шаңғышы допингпен ұсталды

news-banner7
mobile-news-top

Аустриялық шаңғышы Йоханнес Дюр допинг қолданды деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz неміс журналисі Хайо Зеппельттің твиттер-парақшасына сілтеме жасап.

Спортшы 2014 жылы допинг қолданып екі жылға жарысқа қатысулардан шеттетілген болатын. Мюнхен прокуратурасы шаңғышының допингқа қатысты тергеу істерін бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, аустриялық полиция шаңғы жарысынан әлем чемпионаты өтіп жатқан Австрияның Зефельд қаласындағы допингке қарсы рейд кезінде тоғыз адамды ұсталған болатын.

Ұсталғандардың ішінде қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер