русский язык

ЕУРО-2016. Голландия мен Түркия - басты қарсыластарымыз

ЕУРО-2016. Голландия мен Түркия - басты қарсыластарымыз

Бүгін Францияның Ницца қаласында ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі аяқталды.

Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан құрамасы «А» тобында - Голландия, Чехия, Түркия, Исландия, Латвия құрамаларымен күш сынасады.  

Бұдан өзге, УЕФА «апта футболы» жобаны енгізді: енді ойындар жұма мен сәрсенбі күндері емес, бейсенбі және сейсенбі күндері ойналады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы соңғы екі ЕУРО-ға іріктеу кезеңінде жалпы 14 ұпай жинап, үш кездесуде жеңіске жетті. Ең сәтті іріктеу кезең біздің құрамамыз үшін ЕУРО-2008 болды, онда отандастарымыз он ұпаймен сегіз команданың ішінде алтыншы орын алды.

Айта кетер жайт, ЕУРО-2016-да 16 команда емес 24 команда өнер көрсететін болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;