русский язык
Футбол

Бауыржан Исламхан: «Қайрат» чемпиондыққа таласатын мықты команда»

Бауыржан Исламхан: «Қайрат» чемпиондыққа таласатын мықты команда»

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Бауыржан Исламхан неліктен алматылық клубқа ауысқандығы жайлы айтып берді. 

«Астанадан» кейін қайта «Кубаньға» ораламын деп ойладым. Бірнеше ұсыныстар болды. Мұқият, асықпай ойланып «Қайратты» таңдадым. Себебі мұнда Ресейден қарағанда, жиі алаңға шығуға мүмкіндік бар. Бұған қоса, «Қайрат» чемпиондыққа таласатын мықты команда. Сондай-ақ, Еуропа лигасында өнер көрсетеді, жақсы ойыншылары баршылық. «Қайратпен» бірге биік белестерді бағындырсам деймін. Осы мақсаттарға жету үшін бар күшімді саламын», - деді Исламхан «Қайраттың» ресми сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;