Футзал

«Қайраттың» 7 ойыншысы жасөспірімдер құрамасына шақырылды

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтар 2019 жылдың 26 наурызынан 31 наурызына дейін өтеді. Біздің құрама Польша, Франция және алаң иелері Финляндия футзалшыларымен бір топта өнер көрсетеді.

Негізгі кезеңге дайындалу үшін Қазақстан U-19 құрамасының кеңейтілген тізіміне 15 ойыншы шақырылды:

Қақпашылар:

Нарун Серіков («Қайрат»), Бағдәулет Өмірзахов («Аят»)

Алаңдағы ойыншылар:

Бекзат Төлеутай, Ерсұлтан Өтегенов, Вадим Пастарнак, Вадим Булдин (бәрі - «Аят»), Алишер Сарсенбаев, Нұрсат Көшербаев, Ербазы Қуанышбек (бәрі - «Інжу»), Марк Ким, Бекзат Рахимтаев, Темірлан Катубаев, Асет Сағнаев, Ертуған Төлеубеков, Лев Ким (бәрі - «Қайрат»).

Бас бапкер – Қанат Танакпаев.

Матч кестесі:

27.03.2012. Қазақстан U-19 - Франция U-19

28.03.2019 Польша U-19 - Қазақстан U-19

30.03.2013. Қазақстан U-19 - Финляндия U-19.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер