Владимир Никитенко: «Красножан жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын»
![Владимир Никитенко: «Красножан жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1393150650_957997693.jpg?v=28703911)
Футболдан ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі қарсаныңда «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Никитено «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Юрий Красножан жайлы пікірімен бөлісті.
– Владимир Андреевич, Юрий Красножанның бас бапкер болып тағайындалуын қалай қабылдадыңыз?
– Кез келген қиын сәттерде қаймықпай, жақсы нәтиже көрсете білетін сауатты маман деп есептеймін оны. Қай команданы жаттықтырса да әдемі футбол көрсететін. Сондықтан жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын.
– Өзімен тілдесіп көрмедіңіз бе?
– Онымен бұрында бір отырып әңгімелескенбіз, Ресейде-ау деймін. Мен ол кезде «Теректің» бапкері едім, ол – Нальчикте жұмыс істеді.