русский язык

Қазақстандық спортшылар Ханьджоудан олжалы оралды

Қазақстандық спортшылар Ханьджоудан олжалы оралды

Қытайдың Ханьджоу қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. 

2004 жылғы Афиныдағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қарағандылық Дмитрий Карпов жетісайыс бәсекесінде «алтыннан» алқа тағынды. Ал, Ирина Карпова бессайыс жарысында 3951 ұпай жинап үшінші орын алды. Үш қарғып секіруден павлодарлық Роман Валеев күміс медальға ие болды. Татьяна Юрченко 800 метрге жүгіруден топ жарды. Алматылық Юлия Рахманова мен Ольга Андреева 400 метрге жүгіруден жүлделі орынға ілінсе, ерлер арасында Сергей Зайков «күміспен» күптелді. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында бағын сынаған Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруден екінші орын алды. Сондай-ақ, 4х400 метрлік эстафетасында ерлер мен әйелдер құрамасы ешкімге бес бермеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;