Ұлттық спорт

Мәскеу тұрғындары көкпарды «жабайылыққа» теңеді

Мәскеу тұрғындары көкпарды «жабайылыққа» теңеді
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеудің орталық иппадромдарының бірінде көкпар ойыны өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Отан қорғаушылар мейрамына орай Ресей мен Қырғызстан спортшылары көкпардан (авт. кок-бору - қырғызша атауы) жарысқа түсті. Бейтаныс спортты тамашалауға келгендердің қарасы көп болды.

Көкпардан соң ғаламторда жарақат алған жылқылардың суреті тарап кетті. Көрермендердің көбі «дағдарып қалғандарын» жеткізіп, ойынды «ортағасырлық халықтар ермегі» деп атады. Олардың сөзінше, бұл – жануарларға қатыгездікпен қарау.

Ресейдің Тергеу комитеті Басқармасы ғаламтор мен БАҚ беттерінде жарияланған суреттерден кейін тексеру жұмыстарын бастап кетті. Ал белсенділер болса мұндай шараларға тыйым салу үшін қол жинап жатыр.

Мәскеудегі көкпар ойынынан бір сәт

Мәскеудегі көкпар ойынынан бір сәт

Дегенмен ұйымдастырушылар көкпар барысында бір ғана жылқыны жарақат алғанын айтып отыр.

- Жарыстың ертесі мал дәрігерлері барлық жылқыларды тексеріп шықты. Мәскеулік дәрігер тек бір жылқы жарақат алғанын, қалғаны дін аман екенін айтты, - деп келтіреді көкпарды ұйымдастырушы Нурбек Курбаналиевтің сөзін «Настоящее Время» басылымы.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар көкпарды «шектен тыс тәртіпсіздік», «жабайылық», «ортағасырлық халықтардың ермегіне» балады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер