Қысқы

ҚР СІМ: Алексей Полторанин байланысқа шығудан бас тартты

ҚР СІМ: Алексей Полторанин байланысқа шығудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Австрияда допинг қолданды деген күдікпен ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин консулдармен байланыста болудан бас тартқан, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

- Ол кісі біздің консулдық қызметкерлерімен байланыста болудан бас тартып отыр. Алдағы күндері жағдай нақтыланады деген ойдамыз. Тиісті сауалдар түскен жағдайда, қажетті көмек көрсетіледі, - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәжіліс кулуарында.

Айта кетсек, Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында допинг дауы шықты. 27 ақпан күні Австрия полициясы допинг қолданды деген күдікпен бес спортшыны ұстаған болатын. Олардың арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин мен Эстония, Австрияның спортшылары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер