Күрес

Болгариядағы турнирде балуандарымыз үш жүлде алды

Болгариядағы турнирде балуандарымыз үш жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Болгарияда күрес түрлерінен «Дан Колов-Никола Петров» халықаралық турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны кезекті қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол норвегиялық қарсыласынан басым түсті.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтағы Мейіржан Шермахамбет пен 77 келідегі Темірлан Шадукаев та турнирдің қола жүлдегерлері қатарында. Мейіржан ресейлік Алексей Киянкинді 7:1, Темірлан қырғыз балуаны Қайратбек Туголбаевты 6:5 есебімен жеңді.

Бұған дейін еркін күрестен Нұрислам Санаев турнир жеңімпазы атанса, грек-рим күресінің өкілі Қорлан Жақаншв күміс, Хусейн Мульцогов пен Аманғали Бекболатов қола жүлде жеңіп алды.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен Мария Седнева күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер