Қысқы

Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі аяқталды

Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі аясында параллельді могулдан бәсекелер өтуі тиіс еді. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында анықталды.

«Кешегі күн райы тамаша болды. Бірақ бүгін жаңбырлы әрі тұманды болған соң, фристайлшылар сайысын өткізуден бас тарттық. Күн райының қолайсыздығы бізге кедергі болып отыр. Дегенмен, бұл табиғи жағдай. Сол себепті, жарысқа қатысқан барлық спортшыларға алғысымызды айтамыз. Әлем кубогы кезеңдеріне көш бастаған Микаэль Кингсбери мен Перрин Лаффонға да айтар алғысымыз шексіз. Алдағы жылы Алматыға қайта ораламыз деп сенеміз», - дейді жарысты ұйымдастырушы FIS өкілі Конрад Ротермунд.

Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңдерінің жалпы есебінде топ жарған спортшылар анықталды. Ерлер арасында канадалық Микаэль Кингсбери топ жарса, қыздар арасында франциялық Перрин Лаффон көш бастады. Жеңімпаз спортшыларға FIS тарапынан Хрусталь Глобус табысталды.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда әлем кубогы кезеңінің бірінші жарыс күні өтіп, әйелдер арасында қазақстандық Юлия Галышева чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер