Қысқы

Юлия Галышева: Бүгін жарақатыма қарамастан жеңіске жеттім

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогының шешуші кезеңінде Юлия Галышева чемпион атанды. Бұл Галышеваның кубоктік кезеңдерде екінші рет тұғыр биігінен көрінуі. Одан бөлек, қазақстандық спортшы әлем чемпионатының алтынын да иеленген болатын.

Олимпида комитетінің баспасөз қызметіне сұқбат берген Юлия бүгінгі жарыста жарақатына қарамастан жеңіске жеткенін айтты. Ол ертең өтетін параллельді могул бәсекесіне қатыспайды.

- Жарыс жолы барлық талаптарға сай жасалған. Бірінші күні төбешіктердің тым кішкентай екенін көріп, таңырқап қалғанбыз. Алайда, кейін барлық командалар сырғанап өткен соң, қалыпқа келе бастады. Жарыс жолына еш мін тақпаймын.

Бүгінгі финалда бұдан да жақсы нәтиже тіркейтін мүмкіндік болған. Жоғарғы тұғырдан секіру кезінде қате жібердім. Бір қызығы, үздік үштікке енген спортшылардың барлығы да қателікке бой алдырды. Есептеп келгенде, менің ұпайым жеңіс үшін жеткілікті болды.

Алматыда бұған дейін де бақ сынағанмын. Шетелдегі сияқты емес, мұнда жанкүйерлердіңдаусы жақсы естіледі. Ертеңгі жарысқа қатыспаймын. Бірінші жаттығуда алған жарақатымнан соң сынға түсу қиын соғып тұр, - дейді Галышева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер