Еркін күрес

Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирдің алтын жүлдегері атанды

Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирдің алтын жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Болгарияда күрес түрлерінен рейтингілік халықаралық турнир «Дан Колов - Нилола Петров» турнирі жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде біздің балуанда төрт медаль иеленді деп жазады Olympic.kz.

Еркін күрестен 61 келіде сынға түскен Нұрислам Санаев финалда үнділік Сандип Томарды 10:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Қорлан Жақанша күміс медаль иеленді. Ол ақтық белдесуде ресейлік Виталия Кабалоевке есе жіберген.

Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марина Седнева турнирдің күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иеленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер