Қысқы

Галышева Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Іріктеуден кейін қазақстандық Юлия Галышева екінші орынмен финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

78,67 ұпай жинаған канадалық Жюстин Дюфут-Лаптаунт бірінші орын алды. Ал Галышева 77,34 ұпай еншіледі. Үздік үштікті америкалық Оливия Гьяччо түйіндеді – 76,66 ұпай.

Қазақстанның тағы бір өкілі Аяулым Әміренова іріктеуде 53,26 ұпай жинаған. Ол 20-орын алып, финалға өте алмай қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер