русский язык
Қысқы

Полторанинге қандай жаза тағайындалды

Полторанинге қандай жаза тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Аустрияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында допинг дауына ілккен шаңғышылар уақытша жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ұсталғандардың арасында қазақстандық спортшы да бар. Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты.

Спортшы тергеу ісі біткенше жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді.

5 спортшының барлығы да 2019 жылғы Әлем чемпионатында қанға жіберілетін допинг қабылдағандарын мойындады.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді.

Ал Доминик Балдауф пен Макс Хаукені спорттан Австрияның Ұлттық допингке қарсы агенттігі шеттетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;