Қысқы

Полторанин спорттан уақытша шеттетілді

news-banner7
mobile-news-top

Австриялық полиция шаңғы жарысынан әлем чемпионаты өтіп жатқан Австрияның Зефельд қаласындағы допингке қарсы рейд кезінде қазақстандық спортшы Алексей Полторанин ұсталған болатын.

Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты.

Спортшы тергеу ісі біткенше жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді.

РИА Новости-дің мәлімдемесіне сүйенсек, аустриялық Макс Хауке және Доминик Бальдауф та өз кінәсін мойындады.

Еске сала кетсек, кеше Аустрияның Зеефельде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алексей Полторанин жарыс жолына шықпай қалды.

Неміс журналисі Хайо Зеппельт Туиттердегі аккаунтында «шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Аустрия және Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деп күдікке ілінгенін» жазған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер