Еркін күрес

Екі қазақстандық балуан Болгариядағы турнирдің финалына өтті

Екі қазақстандық балуан Болгариядағы турнирдің финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Болгарияда өтіп жатқан «Дан Колов – Никола Петров» халықаралық турнирінде екі қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Қорлан Жақанша финалда ресейлік Витали Кабалоевпен белдеседі. Жартылай финалда Қорлан өзінің командаласы Аманғали Бекболатовты 9:4 есебімен жеңген болатын.

Қола медаль үшін өтетін кездесуде Бекболатов болгариялық балуан Мирчев Ивановпен жолығады.

Кеше «классиктер» арасынан кілемге шыққан Әділхан Сатаев (63 келі), Мирас Баршылықовтар (82) жеңіліс тапса, Мақсат Ережепов жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирде 61 келіде бақ сынауда. Ол жартылай финалда АҚШ балуаны Джозеф Даниель Колонды 13:2 есебімен жеңіп, ақтық сында үндістандық Сандип Томармен алтынды сарапқа салатын болады.

Әйелдер күресінен 72 келіде сынға түскен Жәмиля Бақбергенова қола медаль үшін неміс қызы Мария Селмайерге қарсы күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер