Сейдахмет: «Левски» клубымен бірге алға қойған мақсат көп

Сейдахмет: «Левски» клубымен бірге алға қойған мақсат көп
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет болгариялық «Левски» клубына сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақтың «Мессиі» аталмыш клубпен бірге алға қойған мақсаттары көп екенін жеткізді.

- «Левски» сапына ауысқаныма қуаныштымын. Болгарияның ең танымал клубы, бұл жерде көп атақты футболшылар ойнағанын білемін. Мен осы жерде екеніме ризамын.

Форвард ретінде ойнаймын, флангта да ойнай аламын. Бапкер не дейді сонда өнер көрсетем, тіпті, қорғаушы бол десе де. Бапкеріммен кездестім, бәрі де жақсы.

Көп гол соғып, «Левскидің» жанкүйерлерін қуантқым келеді. Ең басты мақсат - чемпиондық титул», - дейді Сейдахмет.

«Левски» клубы да Сейдахметті қазақтың ең перспективалы жас ойыншыларының бірі деп бағалап отыр.

Айта кетейік, «Левски» клубын Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бапкері Станимир Стоилов 2003-2008 жылдар аралығында жаттықтырған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер