«Уфа» Сейдахметтің «Левски» клубына ауысқанын растады

«Уфа» Сейдахметтің «Левски» клубына ауысқанын растады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет болгариялық «Левски» клубына жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы «Уфа» клубы растады. Бұған дейін 19 жасар футболшының алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін екені туралы жазылған еді.

Айта кетейік, «Левски» клубын Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бапкері Станимир Стоилов 2003-2008 жылдар аралығында жаттықтырған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер