русский язык

Сочи - 2014. Шорт-трек. Қазақстан командалық эстафетада 5-ші

Сочи - 2014. Шорт-трек. Қазақстан командалық эстафетада 5-ші
Сочи Олимпиадасында Қазақстанның шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада бесінші орын алды.
 
Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев жүгірді. Біздің спортшылардың қарсыластары – Ресей, АҚШ, Голландия және Қытай құрамалары болды.
 
Жарыстың басында Голландия және Қытай спортшылары сүрініп, қалғандары алға ұзап кеткен еді. Алайда қазақстандық шорт-трекшілер үшінші орынды сақтап қала алмады.
 
Мәреге бірінші Ресей, ал екінші АҚШ спортшылары жетті. Үшінші орында – Қытай құрамасы. Қазақстандық шорт-трекшілер бесінші орынды қанағат тұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;