Еркебұлан Сейдахметтің жаңа командасы белгілі

Еркебұлан Сейдахметтің жаңа командасы белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет ресейлік «Уфа» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әзірге Еркебұлан Сейдахметтің нақты қай командаға ауысатыны белгісіз. Бұған дейін Prosports.kz 19 жасар футболшының алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін екені туралы жазған еді.

Бүгін белгілі болғандай Еркебұлан Сейдахмет болгариялық «Левски» клубының сапына қосылуы мүмкін. Қазір футболшы Мәскеуде медициналық тексерістен өтіп жатыр. Трансфер жайлы ресми ақпарат жуық арада шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Левски» клубын Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бапкері Станимир Стоилов 2003-2008 жылдар аралығында жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер