Қазақстандық каратэшілер ірі турнирге қатыспақ
![Қазақстандық каратэшілер ірі турнирге қатыспақ](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_690702c3559ea0f0c035c6caf421f9a4.jpg?v=28663801)
1-3 наурыз аралығында Австрияның Зальцбург қаласында каретеден А сериясындағы Премьер-лига турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Жарысқа әлемнің 99 мемлекетінен 2057 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстаннан жалпы есебі 32 спортшы бақ сынайды.
Премьер лига мен А сериясының аздаған айырмашылығы бар. Премьер лига турнирінде бір салмақ дәрежесінде 64 спортшыға дейін қатысуға мүмкіндік береді.
Ал А сериясында мұндай шектеу жоқ. Мәселен, 67 келіде ката бойынша 222 спортшы сынға түседі.