Сочиде допинг дауы естіле бастады
![Сочиде допинг дауы естіле бастады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392981044_535319193.jpg?v=28700545)
Халықаралық Олимпиада комитеті Сочиде бақ сынап жатқан бір неміс спортшысының допинг сынағы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.
Спортшының аты-жөні, спорттың қандай түрінде бақ сынап жатқаны туралы ақпарат әзірге құпия күйінде қалып отыр. Күдікті спортшыға қатысты В допинг сынағының қорытындысы бүгін белгілі болуға тиіс.
«Deutsche Welle» басылымы үш бірдей неміс спортшысының А допинг сынағы оң нәтиже көрсеткені туралы хабарлағанын айта кету керек. Германияның Ұлттық Олимпиаалық комитеті бұл ақпаратқа қатысты мәлімет беруден бас тартып отыр.