Қысқы

Жеті ақмолалық спортшы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады

Жеті ақмолалық спортшы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысының жеті спортшысы Ресейдің Краснояр қаласында өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиадаға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жерлестеріміз сноуборд, шаңғымен спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шорт-трек, хоккей, бенди сияқты спорттың 9 түрінен сынға түседі.

Универсиадаға 56 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысады. Біздің ұлттық құрама сапында 95 спортшы жарыс жолына шықса, оның 9-ы - ақмолалықтар. Оның ішінде шаңғы жарысына Константин Борцов (Щучье), Никита Гридин (Щучье), Олжас Климин (Көкшетау), Эльмира Мутагарова (Зеренда), Валерия Тюленева (Щучье), Тамара Эбель (Щучье) қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер