Қысқы

Айдова әлем чемпионатын қорытындылады

news-banner7
mobile-news-top

Конькимен жүгіруден спринтерлер арасындағы әлем чемпионатында үздік бестікке енген қазақстандық Екатерина Айдова Olympic.kz сайтына сұхбат берді. Спортшының айтуынша, Еуропадағы бұл жарыс жылдамдықтың тым жоғарылығымен есте қалған.

- Херенвенде әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бұл екі күн мен үшін күреске толы болды десем, артық емес. Мұндағы жарыс конькишілердің жоғары нәтижесімен, жоғары секундтармен ерекшеленеді. Менің де ойдағыдай көрсеткішке қол жеткізгенім қуантады. Өйткені, маусым сәтті бастала қоймған. Енді өз әлеуетімді көрсетіп, алғашқы бестікке еніп отырмын. Жүлделі орынға іліккенімде жақсы болар ме еді?! Әрине, алда әлі талай жұмыс күтіп тұр. Жетілдіретін, үйренетін тұстарым көп. Маусым әлі жалғасуда. Екі аптадан соң АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынаймын, - дейді Айдова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер